Балалардың қауіпсіздігі – біздің ең басты басымдылығымыз. Prometheus мектебінде 256 бейнекамера орнатылған.
Автоматты өрт дабылдары, сигнализация және төтенше жағдай батырмалары қолданыста.
Оқыту процесінің сәтті болуы үшін қолайлы және жайлы оқу ортасы қажет. Біз балалары бақытты,, мұғалім жұмысы дұрыс ұйымдастырылған мектеп оқушылардың жоғары академиялық көрсеткіштерге жетуіне әлдеқайда көбірек мүмкіндік беретініне сенеміз.
Оқушылардың мотивациясы. Біз оқушылардың мотивациясын арттыру үшін ең үздік әдістер мен тәжірибелерді енгіземіз, соның ішінде DarynGo бағдарламасын қолданамыз. Бұл — бастауыш сыныптарда қосымша компонент ретінде ойын арқылы оқытуға арналған бірегей әдістеме. Математикадан мектепаралық турнирлердің нәтижелері біздің тәсіліміздің дұрыстығын дәлелдейді.
Бұл бағдарлама үш құрамдастан тұрады: тереңдетілген математика, патриоттық тәрбиелеу және геймификация.
Біздің мақсатымыз — елдегі ең көп оқитын мектеп болу. Біз авторлық Booky-Wooky әдістемесін қолданамыз. Оны екі жыл пайдалану тәжірибесі оқушылардың сыни ойлау қабілетінің дамуын, сөздік қордың байып, ойларын айқын жеткізу дағдысының қалыптасуын көрсетеді. Орташа есеппен сыныптың екі-үштен бірі өз бетімен үйде қызығушылық бойынша кітап оқуды бастайды, бұл басқа мектептерге қарағанда едәуір жоғары көрсеткіш.
Мектепте қосымша музыкалық бөлім жұмыс істейді. Зерттеулер бойынша, Нобель сыйлығының барлық лауреаттары өздері музыкамен айналысқан немесе ата-аналарының бірі классикалық музыкалық аспапта ойнаған. Классикалық музыкалық білім мидың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ішкі күйді гармонияландырады және жоғары эстетикалық талғамды қалыптастырады.
TrilinGo — көптілділік бағдарламасы
TrilinGo бағдарламасы қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеруге арналған. Осы мақсатта біз авторлық бесжылдық бағдарламаны әзірледік, онда ең басты назар ауызша сөйлеуді дамытуға бағытталған — EnglishClub арқылы, сондай-ақ кейбір пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқытуға көңіл бөлінеді. Грамматиканы табиғи меңгеру және сөздік қорды арттыру үшін тілдің ана тілінде жазылған кітаптарды оқу маңызды деп санаймыз.
Баланың денсаулығын нығайту – оқушының дамуының ең маңызды элементі. Мектепте 640 м² екі үлкен спорт залдары, жекпе-жек залдары, хореография және ЛФК залдары бар. Біз 6 спорт секциясын ұсынамыз.
Жеңілдетілген жекпе-жек самбосы (өзін-өзі қорғау) 8-сыныптан бастап ұлдар мен қыздар үшін міндетті пән болып табылады. Бұл пән физикалық дағдыларды ғана емес, сондай-ақ жасөспірімнің психологиялық сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі.
Prometheus School – бұл балалардың жан-жақты дамуына арналған мектеп.
Әр баланың өзіне ғана тән ерекше қабілеттері бар. Біздің міндетіміз – сол қабілеттерді ашуға көмектесу. Ол үшін балаға түрлі салаларда өз дарыны мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру қажет.
Жоғары сыныптарда «Танымал тұлғалардың өмірбаяны» атты интеграцияланған курс енгізіледі.
Оқушылардың әлеуетін ашудың, ішкі адамгершілік бағдарын қалыптастырудың және мотивациясын арттырудың ең тиімді жолы — дүниені жақсы жаққа өзгерткен көрнекті тұлғалардың өмір жолын зерттеуге мүмкіндік беру.
Біз білім беру құзыреттерінің орталығына айналуды мақсат етіп қойдық.
Бұл мақсатқа жету үшін күн сайын жетілдіруге жұмыс істеу, әлемдік үздік тәжірибелерге ашық болу, меритократия қағидаттарын ұстану қажет екенін жақсы түсінеміз. Бұл биік әрі батыл мақсат бізді шабыттандырады. Біз Сізді осы жолды бірге жүріп өтуге және ортақ табысты тарихтың бір бөлігі болуға шақырамыз.