Kazakh-English Program
Prometheus School Kazakh-English Program жаңа бағдарламасына тіркелу басталды!
5-сыныпқа арналған қазақ-ағылшын жаңа оқу бағдарламасын ашатындығымызды хабарлаймыз. Соңғы жылдарда біз PROMETHEUS SCHOOL-ды дамыту үстінде мол тәжірибе жинақтадық. Дегенмен, халықаралық тәжірибені зерттей келе, біз PROMETHEUS SCHOOL қабырғасында 5-сыныптан бастап, қазақша білім беру бағытын ағылшын тілі компонентімен толықтыруды жөн көрдік.
Бұл оқу бағдарламасы біздің балаларымыздың жаһандық мүмкіндіктерге қол жеткізе алуының кілті болады деп кәміл сенеміз. Қазақ тілі – әрбір қазақстандықтың парызы және қоғамда мәдени болмыс пен ұлттық сананы қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, қазіргі заманда ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынастың және сапалы жоғары білім алудың негізгі құралы, бұл тілді меңгеру болашақта әрбір баланың мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға жол ашады.